Жаттығу залына тегін барады

Қала әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғұмар Абзулиновтың баяндамасы тыңдалды.
– 2019 жылға арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес, Қостанай қаласында 65000 астам адамды қамтитын 360-тан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Тағы бір айта кетерлігі, кешкі уақытта Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері шағын футбол, волейбол, жүзу бойынша жаттығулар ұйымдастырды. Сондай-ақ, 2019 жылдың сәуірінен бастап Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері жаттығу залдарына тегін бара алады, – дейді бөлім басшысы.
uslugizal2
Спорт бөлімі жұмысының бір бағыты – облыстық жарыстарға іріктеу, дайындау. Көп жылдар бойы Қостанай қаласының құрама командасы «Тың целина» облыстық спартакиадасында бастапқы орынды бермей беледі. Келесі спартакиада Жітіқара ауданында өтеді. Қазірдің өзінде спорттың 19 түрі бойынша Қостанай қаласының құрама командасын іріктеу және жинақтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.
– Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 3000 орындық «Тобыл Арена» жабық футбол манежінің құрылысы аяқталды. Манеждің жасанды жабыны бар. Стандартты футбол алаңының көлемі – 105х68м, сондай-ақ 2 әкімшілік-тұрмыстық кешені бар, – деді Ғұмар Абзулинов.
Жиын қорытындысында қала әкімі Қайрат Ахметов тиісті мамандарға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасының сандық көрсеткіштерінің орындалуын бақылауға алу туралы тапсырма берді. Бұған қоса Жітіқара ауданында өтетін спорт жарысының финалдық ойындарына қатысу үшін құрама командаларды іріктеу және дайындау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓