Медициналық-құтқару бекеті ашылды
Алтынсарин ауданындағы Щербаков ауылының трассасы бойында салынып жатқан республикалық бағыттағы медициналық-құтқару бекетінің құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Бүгін аталған нысан іске қосылып, оның салтанатты ашылуына облыс әкімі Н.Садуақасов қатысты.

Жалпы, мұндай медициналық-құтқару бекеттері енді Федоров пен Әулиекөл аудандарында салынады деп күтілуде.
Қарлығаш Оспанова
Суретті түсірген Константин Вишниченко