Кәсіп игер, жас маман!
Қостанай қаласының әкімдігінде Қайрат Ахметовтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде бүгінгі күннің өзекті мәселелері қаралды. Алдымен, қала әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметі туралы баяндама тыңдалды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің басшысы Ақбөпе Манатованың сөзінше, осы жылы тың жобалар көп.
– Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 237,9 млн теңге бөлініп, қазіргі дейін оның 16,3 млн теңгесі игерілді.
2019 жылдың 2 айында жұмыспен қамту органдарына еңбек делдалдығы үшін 804 адам өтініш білдірді, оның ішінде жұмыссыздар ретінде 315 адам тіркелді. Наурыз айының басына дейінгі көрсеткішті алсақ, 268 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, – деді Ақбөпе Манатова.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 2019 жылы наурыз айынан бастап 679 адамды оқуға жіберу жоспарланған, оның ішінде 499 адамды қысқа мерзімді оқуға жіберілмек. Бұл мақсатқа 93,9 млн теңге бөлінді. Ал техникалық және кәсіптік оқытуға 180 адам жұмылдыралды. Биыл қала бойынша 40 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Сонымен қатар 341,5 млн теңге сомасына 60 адам шағын несие алуға ниетті.
Ақбөпе Манатова айтқандай, осы бағдарламаның үшінші бағыты аясында 2019 жылы шарттар жасалды. Атап айтқанда, 20 кәсіпорынмен СРМ құру, қаланың 43 кәсіпорны мен мекемесінде қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады. Аймақтық ұтқырлықты арттыру шеңберінде жұмыс күші мол облыстардан Қостанайға 110 адам ерікті түрде қоныс аударады. Қоныс аударушылар үшін көшуге 9,8 млн теңге, тұрғын үй жалдау бойынша шығындарды өтеуге 14 млн теңге субсидиялар бөлінді.