Жол жөндеуге – 4 млрд теңге

Жақында Қостанай қаласындағы жол жөндеу жұмыстары басталады. Биыл бұл мақсатқа 4,1 млрд теңге қарастырылған. Мердігер компаниялар жұмыс ауқымына қарай сәуір-мамыр айларында іске кірісіп, қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отыр. Биыл бірқатар көше қайта қалпына келтірілсе, жеке секторлардағы қиылыстарға да жөндеу жасалады. Оның ішінде 2,7 млрд теңге қалаішілік жолдардың күрделі жөндеу жұмыстарына, орташа деңгейдегі жұмыстарға 506,3 млн теңге, ал аулалар бойынша 900 млн теңге бөлінді.
– Күн жылынып, жер кебісімен өткен жылы аяқсыз қалған жұмыстарды жалғастырамыз. Атап айтқанда, Гагарин және Съянов, Абай және Лермонтов көшелерінің арасындағы жолдар жөнделеді. Биыл Тәуелсіздік, Павлов, Чехов көшелерін де жөндеуден өткіземіз, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұралы Есіргепов.
жол
Сонымен қатар, төрт көшеде күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталады. Олар: Қайырбеков көшесінің Лермонтовтан жылыжай комбинатына дейінгі аралығы, Чкалов көшесінің Абай даңғылынан Гашек көшесіне дейінгі бөлігі, Алтынсарин көшесінің Павлов-Баймағамбетов учаскесі және Съянов көшесінің Гоголь-Рабочий аралығы жаңғыртылады. 
Ал аулаларға әр беру үшін ел қазынасынан тағы 700 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады. Қостанай-2 шағын ауданында биыл төрт көшені, яғни Тургенев, Раздольный, Вишневый және Самал көшелерін жөндеу басталады. Бұған 110 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Жалпы, 2019 жылы облыста жергілікті маңызға ие 394 шақырым тасжол жөндеуден өтеді. Бұл мақсатта 11,6 млрд теңге жұмсау көзделген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓