Ерекеңді ел біледі
Облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, кіндік кесіп, кір жуған туған жері – Әулие-көл ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ермекбай Хасеновты 65 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз.

Ол Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов, Социалистік Еңбек Ері Қабидолла Тұрғынбаев туралы деректі хикаяттардың, басқа да көптеген публицистикалық және әдеби шығармалардың авторы. Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының, басқа да мәртебелі марапаттардың иегері.
«Қостанай таңы» газеті редакциясының ұжымы әріптесімізді мерейтойымен құттықтап, ұзақ та бақытты ғұмыр, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейді.
«Қостанай таңы» газеті редакциясының ұжымы.