Отырыс опатпен аяқталды
Қостанай қаласының Кочубей көшесіндегі үйден кісі мүрдесі табылды. Бұл туралы ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Көршілердің сөзінше, пәтерде 78 және 38 жастағы ер адамдар спирттік ішімдік ішкен. Соңында араларында жанжал туындап, егде адам "стақандасының" қолынан мерт болды. "Қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 38 жастағы азамат қамауға алынды", – делінеді хабарламада.