Дәстүрлі өнер додасы

Қалалық Мирас мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық  «Ғасырлар үні» атты балалар шығармашылығы байқауы өтті. Мақсат – қазақтың дәстүрлі және халық әндерін өскелең жас ұрпаққа насихаттау, ұлттық музыкалық аспаптарға балалардың қызығушылығын арттыру. DSC_0812Кез келген қатысушының рухани жан дүниесін байыта түсетін байқау көпшілікке үлкен әсер қалдырды. Осынау өнер додасы екі номинация бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар «Қазақ ұлттық аспаптарында ойнау» аталымында қазақ халық күйлері,  «Дәстүрлі және халық әндерін орындау» бөлімінде ұлттық қордағы әуендерді орындады. Байқауда Қостанай қаласындағы білім ордаларының шәкірттері шеберлік сынады.DSC_0776
– Бұл байқауды өткізу жақсы дәстүрге айналды. Өткен жылы Наурыз мейрамы қарсаңында басталған бұл үрдіс биылда жалғасын тауып отыр. Сахнадағы әр мектептің қатысушылары – іріктеу кезеңінен өткен өнерпаздар. Байқау жеңімпаздары қалалық концерттерде өнер көрсету мүмкіндігін иеленеді, – деді "Наш Костанай" газетінің директоры-бас редакторы Мешіт Ғазез. DSC_0789
Қазылар алқасының шешімімен, "Вокал" бөлімінде бастауыш сынып оқушысы Камила Сапарбекова, жоғары сынып оқушысы Рамина Сармузина жеңімпаз атанды. Ұлттық аспаптарда ойнауда кіші топ ішінде Тұрар Өтемісов ешкімге дес бермей, бірінші орын иеленді. Ал ересек топ арасында Аяжан Алтайқызы топ жарды. Топпен өнер көрсетуде кіші санатты №24 орта мектептің "Балдәурен" ансамблі, жоғары санатты №20 орта мектептің тобы жеңіске жетіп, өзгелерге өнеге көрсетті. Жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етіліп, барлық қатысушы дипломмен марапатталды.
 
Әсел Қибаш
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓