Малшы суға батып кетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 7 мамырда Амангелді ауданында 37 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
Жаңатұрмыс ауылынан 3 шақырым жерде жатқан Қарасу өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген жерінен амангелділік тұрғынның денесі жағаға шығарылды. 
"Малшы Жаңатұрмыс ауылынан 6 мамыр күні атына мініп алып, жылқыларын іздеуге кеткен. Сол күйі хабарсыз қалған. Өлім себептері анықталып жатыр", – делінеді ведомство хабарламасында. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓