Жол-көлік оқиғасында екі адам көз жұмды

«Қостанай – Мамлют» тасжолында «КiaCarens» жеңіл автокөлігі «КамАз» жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза болды.
Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.20171222162524 «Бүгін «Қостанай – Мамлют» тасжолының 77 шақырымында «Кia Carens» көлігінің 59 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Сол уақытта «КамАЗ» жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан соң жеңіл автокөлік жүргізушісі мен 49 жастағы жолаушы көз жұмды», – деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 бабымен сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.  
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓