STEM Fest үздіктері

Соңғы кездері елімізде өскелең ұрпаққа халықаралық стандарттарға сәйкес білім берудің жаңа жолдары мен тиімді тәсілдері көбейген. Солардың бірі –STEM Fest шарасы.стем4
Рудныйда осымен төртінші мәрте өткізілген фестивальге Әулиекөл, Федоров, Сарыкөл, Алтынсарин, Таран ауданы мен Қостанай, Рудный қаласының оқушылары қатысып, робот техникасы, «STEM-ЭКСПО» техникалық шығармашылық көрмесі мен «MEDIA-Фест» бейнежұмыстар конкурсы бойынша өзара мықтыны анықтады.
Қалалық білім бөлімінің жаңа басшысы Анаргүл Шаменованың айтуынша, елімізде жастардың заман талабына сай дамуына, бәсекеге қабілетті болуына барлық жағдай жасалған.стем
– Солардың ішінде шағын қалалар мен ауыл-аймақтарда ашылып жатқан IT-сыныптар мен STEM-зертханалар – сөзіме дәлел. Рудныйдың өзінде бүгін екі STEM-зертхана, екі IТ-сынып, сандық технологиялар кабинеті мен төрт робот техникасы үйірмесі жұмыс істеп тұр. Мұнда оқушылар инженерия, робот құрастыру, бағдарламалау тілдері мен 3D үлгілеуді үйренуде. Яғни болашақта осы салада пайда болатын жаңа мамандықтарға жастарымыз дайын, – дейді ол.стем3
Фестивалге қатысушылардың көбі өткен жолы жіберген қателіктерді түзетіп, робот құрастыруда тәжірибелері арта түскендігі қуантты. Ал бейнероликтер аталымында ұсынылған 30-ға тарта жұмыстың барлығы қазылардың көңілінен шығып, жеңімпазды анықтауда біраз қиындықтар тудырды. STEM Fest қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Бас жүлде мен робот техникасы бойынша жарыстың ауыспалы кубогын Таран аудандық білім бөліміне қарасты Өнер мектебінің командасы жеңіп алды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓