Автобустар бағыты өзгереді
Қостанайда қоғамдық көліктердің қозғалыс бағытының өзгеруі туралы ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Майлин көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты, осы көшенің Әл-Фараби даңғылымен қиылысатын тұсы уақытша жабылады. Тиісінше, маршруттық автобустар қозғалысы да өзгереді. № 2, 24, 8, 3, 38, 9, 11, 27 қоғамдық көліктер Темірбаев көшесі арқылы Тәуелсіздік бойымен, одан әрі Урицкий көшесі арқылы жүреді.