Үш адам ыстан уланды
Қостанай облысында екіқабатты жеке үйлердің бірінде пештен ақау білініп, 3 адам уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауданында болған.
«Екіқабатты үйдегі жылыту пештінен ақау шығып, мұржасы бітеліп қалған. Салдарынан 50 жастағы әйел мен 16 және 12 жасар екі немересіне иіс тиіп, уланды. Олар бірден ауруханаға жеткізілді», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін облыстық ТЖД жылыту пештерін пайдалану ережелерін жариялаған болатын.
«Үй-жайларды жылыту үшін электр жылыту құралдары пайдаланылады. Соның ішінде қолдан жасалған пештер үнемі қауіпсіз емес. Сымдардың оқшауламасы тұтануы әбден мүмкін. Сондықтан электр жылытқышты пайдалану кезінде барынша сақ болу керек. Арнайы зауыттардан шыққан пештерді қолдану ұсынылады. Үйден шығар кезде оларды сөндіріп отырған дұрыс»,- деп ескертеді мамандар.