40 шақты адам құтқарылды

Облыс көлемінде бір тәулік ішінде қар құрсауынан қырық шақты адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.кар
«Арқалық-Торғай тасжолында, Аңғар ауылының маңында 2 автокөлік тұрып қалған. Көліктерде 12 адам болыпты. Олардың екеуі – бала. Құтқарушылар «Арқалық-Жезқазған» жолында 3 адамды қауіпсіз жерге жеткізді», – делінеді хабарламада.
Мұның сыртында, Таран ауданының Елизаветин ауылында қарға батып қалған 4 автокөлік ТЖД қызметкерлерін көмекке шақырды. Солайша, 9 адамға жәрдем көрсетілді. Бұдан бөлек, Науырзым ауданында да 3 автокөлік сүйреп шығарылды. Оқиға «Қарамеңді-Өлеңді» тасжолының 12-ші шақырымында болған. Барлығы 9 адам қауіптен арашаланып, олар Қарамеңді ауылына жеткізілген.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓