«Ата заң арайлы болашақ кепілі»
Байтақ еліміздің мемлекеттік мерекесі қарсаңында аудандық орталық балалар кітапханасы «Ата заң арайлы болашақ кепілі» атты әдеби сазды монтаж өткізді. Іс-шара барысында оқушылар тақпақтарды жатқа оқып, Ата Заңымызды құрметтеу, жақсы білу және мүлтіксіз орындау – әрбір азаматтың міндеті екендігін насихаттады. Іс-шара соңы әдемі әндер шырқалып, балалар биімен жалғасты.
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Зарина Мұсабаева.