Балаларын араққа “айырбастаған”
Қамысты ауданының тұрғыны аналық міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Ол 8 жасар және 6 айлық баласының тәрбие-бабына салғырт қарап келген.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 25 қыркүйекте сағат 14.30-да Бестөбе ауылында кәмелеттік жасқа келмеген екі баланың анасы өз үйінде бірге тұратын еркекпен мас болып отырған.
"Ол осылайша құқыққа қайшы әрекет жасады. Әйел орта дәрежедегі мас күйінде болған. Бұған кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия өкілдері көз жеткізіп, дәрігердің қолдаухаты растап берді", – делінеді хабарламада.
Сот ананы әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп танып, оған 7 АЕК (14 847 теңге) көлемінде айыппұл белгіледі.