Көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
Қашар кентінде көпірден секіріп кетпек болған қызды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 12 ақпанда болған. 102 пультіне анонимді қоңырау түсіп, бйожеткеннің көпірден секіргелі тұрғаны хабарланған. Кезекшілер бұл хабарды бірден ауылдың учаскелік полиция пунктіне жеткізеді. Оқиға орнына тәртіп сақшылары Серік Сәдуақасов пен Талғат Испергенов дереу көпірге жетіп барған.
"Біз барғанда қыз көпірдің жиек шарбағының арғы бетіне өткелі жатты. Оның биіктігі 20 метрдей болады. Төменде теміржол жатыр.Оны ұстап үлгеріп, қайғылы жағдайдың алдын алуға үлгердім", – дейді Сәдуақасов.
Олар қызды сабырға шақырып, учаскелік пунктке алып барған. Бойжеткен жігітімен ренжісіп қалып, өзіне қол салғысы келген. Енді бұл әрекетіне өкінетінін айтып отыр. Қазір оның жағдайы бақылауда ұсталып отыр.