Пара алып жатқан жерінде құрықталды

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қостанай ауданына қарасты Майкөл селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Сансызбай Нұрбаев “250 мың теңге пара алды” деген күдікпен қамауға алынды.пара
Іс қағаздарына сүйенсек, 2015 жылдың сәуірінде ауыл тұрғыны азамат С. әкімнің міндетін атқарушы Нұрбаевқа жеке тұрғын үй салу үшін жер сұрап барады. Бұл мәселені шешу үшін Нұрбаев азамат С.-дан 250 мың теңге сұраған. Мұның заңға қайшы екендігін түсінген ауыл тұрғыны сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес қызметкерлеріне шағымданған.
Азамат С. қаражаттың бір бөлігін үстіміздегі жылдың 24 маусымында Майкөл селолық округі әкімінің кабинетінде берген. Ал, екінші бөлігін Затоболдағы “Флоден” дүкенінде бермек болып келіседі. Осылайша, пара алмақ болған ауыл әкімінің міндетін атқарушы С.Нұрбаев сол жерде құрықталады.
Бұл қылмыстық іске қатысты алғашқы тыңдалым үстіміздегі жылдың 14 қыркүйегіне белгіленіп отыр.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓