Алғыс айту күні аталып өтті

Көктем айының алғашқы күнінде қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтуде. Атаулы күнге орай Қостанай облыстық ҚХА-ның  ұйымдастыруымен облыстық филармонияда мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш кеш облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысуымен өтті.DSC_0291
   DSC_0308  – Құрметті қостанайлықтар, сіздерді Архимед Бегежанұлының атынан Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алғыс айту күні – еліміздегі жас мерекелердің бірі. 2016 жылы елбасы жарлығымен бекітілген бұл маңызды мейрам күнтізбеден лайықты орын алды. Бұл мереке – көп ұлтты Қазақстан халқының мейірімін, қамқорлығын және бірлігін көрсетеді. Бұл, ең алдымен, бірлікпен пен келісімге, татулық пен тұрақтылыққа бағытталған елбасы саясатының арқасы. Біз ортақ құндылық пен бірлігіміз үшін бір-бірімізге алғыс айтуымыз керек, – деді Марат Қонысбайұлы.DSC_0303
   
DSC_0319
DSC_0295Филармония сахнасында көптеген ән шырқалып, қысқа бейнефильмдерде қоныс аударушылардың тарихы баяндалды. Сондай-ақ, ғимарат фойесінде арнайы көрме де ұйымдастырылған. Қостанай облыстық "Возрождение" немістер қоғамы төрағасының орынбасары Елена Шик барлық қонақты экспонаттарды қарауға шақырды.DSC_0259
– Біз бұл көрмеге маңызды тұрмыстық заттар, құнды құжаттардан жиналған коллекцияны ұсындық. Көптеген экспонат этнографиялық және тарихи құндылықтарға ие. Бұл біздің мұражайдың шағын бөлігі, бізге мектеп оқушылары мен студенттер келеді. Тіпті, мұражайды Германиядан да қонақтар келіп, тамашалайды. Бүгінгі көрме немістердің Қазақстанға жер аударуына байланысты ұйымдастырылған, – деді ол.DSC_0257
Елімізде Алғыс айту күні төртінші жыл аталып өтуде. Қостанай аумағында тұратын барлық этнос өкілдері қазақ халқына бейнефильм арқылы өздеріне көрсетілген қонақжайлық мен жанашырлық үшін алғыстарын білдірді.
 
Әсел Қибаш
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓