Шеберлігін шыңдады
Дәстүрлі қолөнерді серік еткен ағайынды Аңқауовтар жуырда Ақтау қаласында өткен жәрмеңкеге қатысып келді.
Жәрмеңкеде қостанайлық қолөнершілер жүннен жасаған картиналарды көптің назарына ұсынды. Сондай-ақ аппликация әдісімен жүнді ДВП-ға жабыстыру технологиясын да үйретті. Шебер жігіттер он жылдан бері аталмыш әдіспен жұмыс істеп келеді.
– Халқымыз киіз, жүн, жіп сияқты жұмсақ материалдарды қолөнер шикізаты ретінде пайдаланып келеді. Біз ежелгі дәстүрге дем беріп, қойдың жүнін картина жасауға қолдандық. Бұл технология киіз басу өнеріне ұқсайды. Бір ерекшелігі картинаның жиектерінде тоқыма әдісі қолданылады,-деді қолөнерші Арлан Анқауов.
Қымбат Досжанова
Суретте: Ақтаудағы жәрмеңкеден көріністер