Сарыкөл туралы кітап шықты
Сарыкөл ауданы әкімдігінің қолдауымен Валерия Стародубтың «Сарыкөл» атты кітабы жарыққа шықты. Кіріспесі облыс әкімі Н.Садуақасовтың және аудан әкімі Э.Күзенбаевтың алғы сөздерімен басталады.
Басылым 200-дан астам беттен тұрады, онда ауданның кешегісі мен бүгіні, даму тарихы сөз етіліп, түрлі-түсті суреттермен көмкерілген.
Бұл кітаптың тұсаукесері ҚР Конституциясы күні қарсаңында аудандық кітапханада өтті. Оған ҰОС-ның ардагерлері, батыр Марат Едігеевтің әкесі Ораз Нұғыманұлы, Социалистык Еңбек ері Николай Гноевтың жесірі – Валентина Емельяновна және ауданның құрметті азаматтары қатысты. Тұсаукесер барысында автор бұл кітаптың қаншалықты еңбекпен келгендігіне тоқталып, осы орайда аудан әкімі Эльдар Күзенбаевқа, осы кітапқа қол ұштарын созған аға ұрпақ өкілдеріне жүрекжарды ілтипатын жеткізіп, ақ алғысын айтты.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы