Елбасының ерекше ілтипатына ие болды
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен бастау алған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық бірегей акциясы аясында ауданымыздың соғыс ардагерлері де Елбасының ерекше ілтипатына ие болды.
Жүзеге асырылған ауқымды акция барысында аудан әкімі Эльдар Күзенбаев сарыкөлдік Павел Черепахин, Андрей Евтушенко және Наталья Спивак сынды соғыс ардагерлерінің үйіне арнайы барып, оларды Елбасы атынан құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Елбасының ерекше назарына ие болғандар өз алғыстарын айтып, елімізге тыныштық, бір тудың астындағы бірлігіміздің бекем болуын тіледі. Әсіресе, бейбіт елдің ұрпақтарына өз өмір жолдарын емес, өздері өз үлестерін қосқан жемісті жеңістің дәмін татып жүре берсін деген ақжарма көңілдерін ақтарды.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы