«Теңге – Қазақстан Республикасының рәмізі»
Қостанай облыстық Көркемсурет галереясында ҚР Конституциясы күні қарсаңында алғаш рет қостанайлық коллекционер-нумизмат Алексей Алтуховтың «Теңге – Қазақстан Республикасының рәмізі» көрмесінің тұсаукесері өтті.

Көрмеде біздің еліміздің, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін бейнелейтін өзіндік айрықша нысан ұлттық валюта – теңгенің қалыптасу тарихына ерекше көңіл бөлінген. Коллекционердің айтуынша, осы іс-шараның бір ғана мақсаты бар, ол қазақстандық патриотизмді насихаттау.
Айтолқын Айқадамова