Қала көшелерін қардан арылтуда
Қыс құрсауы – қалың қар. Жылдың төрт мезгілінде де тыным таппайтын "Тазарту – Арқалық" ЖШС міндеттері күнделікті қоқыс шығарумен бірге қыс бойы қала көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын уақытылы қардан тазартып, жол – көлік қозғалысының қалыпты сақталуына да күш салады.

– Төл міндетімізді тиянақты атқару біздің басты ұстанымымыз. Қар шығару жұмыстарына 5 техника және жұмыспен қамту бөлімі арқылы 25 адам жұмылдырылған. Қаңтар айында 7 мың куб. қар сыртқа шығарылды. Осылайша алдағы уақыттарда қаланың барлық көшелерін қардан тазартып, уақытша қиындықтардың алдын алатын боламыз, – дейді таяуда ғана "Ерен еңбегі еңбегі үшін медалін" төсіне таққан серіктестік басшысы Әлиакбар Қасымов.

Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы