Жылқыңызды GPS бағады

Қостанайда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жылқыларға GPS-бақылау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайға сілтеме жасап.photo_124569
Басқарма басшысының пікірінше, бұл жүйе өңірдегі мал ұрлығының азаюына ықпал етпек. Қазіргі уақытта қожалық иелерімен малдарының қай аумақта жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін электронды жүйені қостыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жануарлар жоғалған жағдайда фотосуреттер мен өзіне ғана тән ерекшелігі олардың жылдам табылуына ықпал ететін болады. Былтыр облыста 2265 жылқыға чиптеу жүйесі енгізілді.
«2018 жылы бұл жоба пилоттық режімде іске асты. Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. Жоспар бойынша, әуелі, 50 жылқыға GPS-навигатор құрылғысын орнатамыз. Бұл 3000 түліктің жайылып жүрген жерлерін көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді Берікжан Қайыпбай.
GPS-бақылау құрылғысы малдың мойнына тағылатын қарғыға оңай бекітіліп, GPS спутникті дабыл арқылы малдың жүрген жерін анықтайды. Аталған мәліметтер ұялы байланыс желісі арқылы мал иесінің компьютеріне немесе ұялы телефонына түсіп отырады.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓