Алғыс айту күнін білесіз бе?

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес, 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялады. Еліміз ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан-мың ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Осы ретте біз Қостанай қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргіздік.

Александр Иванович, зейнеткер:
IMG_6833
Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан – азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер пен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет. Алғыс айту күнінің бекітілгенін қолдаймын. Бұл – патриотизмнің, достық пен бірліктің жарқын дәлелі. Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу қажет. Алғыс айту күнінде бір-бірімізді құттықтап, мейрамның маңыздылығын сезінген дұрыс.
 
Айзада Мұратова, қала тұрғыны:
IMG_6837
 
Шынын айтайын, бұл мерекенің ресми түрде бектілгенін естімеппін. Жалпы,  кез келген адам туған-туыстарына, көршілеріне, достарына алғыс айтудан ауырсынбау қажет. Сондықтан да бір шаңырақтың астында тұрып жатқан жүзден астам ұлттың өкілдері басымызда тұрған бірлікті шайқамауға үлес қосуы тиіс. Қазақ елі – достықтың ордасы. Осы ұлы күшті қастерлейтін тағы бір мерекенің қосылғаны артық емес.
 
Елена, студент:
IMG_6836
Кеше теледидардан қазақ халқын мекендеген ұлттардың достығын көрсетіп жатыр. Сол бағдарламадан түсінгенім – бұл мереке елімізге қажет. Себебі, қазақ жеріне сұрапыл соғыстың алдында да, одан кейін де қоныс аударғандар көп. Дегенмен, қазақтар ешқайсысының кеудесінен итерген жоқ. Қазақтың қонақжайлығы туралы менің көршімнің әкесі айтып отыратын. Қиын кезеңде киім беріп, тамағын ұсынған халыққа бір күн ғана емес, ай сайын, тіпті, апта салып алғыс айтсақ та артық емес.
 
Светлана, қала тұрғыны:
IMG_6851
Алғыс айту күні туралы роликтерді теледидардан көрдім. Біз кімге алғыс айтуымыз керек? Алдымен, туғандарымызға. Одан кейін қазақ халқына алғыс айтуға тиіспіз. Кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген қаншама ұлыс өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен, барымен бөлісті. Өзге ұлт өкілдері қазақ халқының жүрек жылуын, ыстық ықыласын ешқашан ұмытпауы тиіс.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓