«Мәриям мен Ілияс» спектаклі Алматы сахнасында
Газетімізде бұған дейін хабарлағанымыздай, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры қазір Алматы қаласында гастрөлдік сапарда жүр.
Театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі, газетіміздің жанашыры ақын, ғалым Серікбай Оспанұлы телефонмен шұғыл редакцияға хабарласып, жаңалығымен бөлісіп, «Мәриям мен Ілияс» спектаклінің сахналанғанын жеткізді. Халықтың көп келгені соншалық, залда ине шаншар орын болмағанын, Мәриям Хакімжанова мен Ілияс Омаровтың балалары: Ғалия Хакімжанова, Диас, Тимур Омаровтардың және немере-жиендері қатысып, театр ұжымына қошемет көрсеткенін, игі тілектерін, лебіздерін айтқанын әңгімеледі.
Бұл қойылымның авторы есімі елімізге белгілі Халық әртісі Ерсайын Төлеубай екенін де мәлімдеді.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.