“Кітапхана түні”
Қостанай облыстық кітапханасында қызықты да тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Толстой атындағы әмбебап кітапхана "Кітапхана түні" жобасын өткізіп, өз оқырмандарына қуаныш, керемет көңіл-күй сыйлады.
Кешкі сағат сегіз. Әдетте кітапхана жұмысы аяқталатын уақыт. Бұл жолы келушілерде есеп жоқ. Ұлттық киімдегі тарих кейіпкерлері оларды құпия-қызық пен тылсымға толы мұрағат қоймаларына жетелеп әкетеді.
Оқырмандар түн ауғанша кітапхананың мұрағат қоймаларын емін-еркін аралап, мекеме қызметкерлері дайындаған түрлі тосын сыйларға куә болды.
Ән, бимен әрленген кешке келушілер түрлі деректерге қанық болды. Ал ақындар рухты өлеңдерін оқып, айтыс ұйымдастырды. іс-шара түнгі сағат 12:00-ге дейін жалғасты.
Ғаламтор жайлаған заман оқырмандардың белсенділігін төмендеткені шындық. Қостанай облысында оқырмандар қатарын көбейту үшін көптеген шара қолға алынған. Тағылымды шара тарихи танымымызды кеңейтетіні анық.

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ