Жаңа іске – жаңа көзқарас

Сатып алулар және бір көзден қызмет түрінің шекті сомасын ұлғайту, демпингке қарсы шаралар, «трольдерден» қорғау, мемлекеттік сатып алулар порталының ақылы қызметі… Бұл және басқа да заңнамалық жаңашылдықтар облыстық кәсіпкерлер палатасы алаңында талқыланды.e2f2362b-4b67-4b1a-b3c3-3f2eca1e50bd
       Семинар кәсіпкерлердің өтінішімен ұйымдастырылды. Бизнесмендер және бухгалтерлердің  сауалдарына облыстық мемлекеттік сатып алулалар басқармасының жетекшісі Оксана Кочкурова жауап берді.
       -Сатып алуларға бағалық ұсыныстар әдісімен қатысу кезінде міндетті үш пайызды кепілдеме жүзеге асырылады. Бұл жағдайда кепілдіктерді беру мерзімінің аяқталуына дейін міндеттемелердің толық және тиісті түрде орындалуы жағдайында жеткізуші кепілдік сомасын төлемесе болады. Демек, егер 10 күн ішінде тауар жеткізілімі орындаласа, онда кепілдікті төлеудің қажеті жоқ, – деп түсіндірді Оксана Кочкурова.
         Заң тармақтарының басым бөлігі мемлекетік сатып алуларды оңтайландыруға бағытталаған. Мәселен, сатыпа алулардың бір көзден әдісімен шектік сомасы 100-ден 500 АЕК-ке дейін ұлғайды. Осылайша шағын сатып алулар бойынша процедуралар жеңілдеді. Негізінен6 бұл норма балабақша, мектеп, емхана, аурухана, интернаттар, мәдениет үйі тәрізді  шағын бюджеті бар тапсырыс берушілерге қатысты.  
           Бұған қоса, енді тапсырыс берушілер сапалы тауарларды сатып ала алады, өйткені құжаттамада фирмалардың атауын жазу құқығы беріледі. Осылайша контафактілі өнімді жеткізуге жол берілмейді.
        Демпинг мәселесі де белсенді шешіліліп келеді. Жаңа заңда «демпингтік баға» деген нақты түсінік бар. Демпингтің шектік пайызы құрылыс-монтаждық жұмыстарда –10%, жобалық-сметалық құжаттамада – 15%, техникалық қадағалау қызметі – 15% деп белгіленді. Егер жеткізушілер байқау ойнатқанда бірдей көрсеткішке ие болса, онда жеңудің негізгі критерийі салықтық төлемдердің жасалауымен өлшенеді.
        Сонымен қатар, Заңда адал кәсіпкерлерді кәсіби шағымданушылардан немесе «трольдер» деп аталатын топтан қорғау бойынша түзетулер енгізілді. Аталмыш трольдер мемлекеттік сатып алуларды болдыртпағандары үшін заңсыз пайда тауып отыр. Олар өтінімді байқауға қатысу үшін емес, басқа қатысушылар туралы ақпарат алу мақсатында қатысады. Сондықтан мемлекеттік порталға кіру ақылы болды. Енді байқау өтінімі қамтамасыз етуін енгізбеген кәсіпкерелер басқа қатысушылардың құжаттарын көре алмайды. Мұндай кәсіпкерлердің шағымы да қаралмайды.d6a308aa-8be6-475e-afe9-e2c015936d90
        Алайда,  бір көзден жасалатын сатып алуларды талқылау кезінде сұрақтар көп болды. Жаңа заңда 53 негіздемеден бесеуін алып тастады. Бұған қоса, егер сатып алулар өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер оларды екінші рет өткізуге міндеттеледі. Бұл шара бір көзден жасалатын сатып алуларды қысқартуға бағытталған.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓