Шындық һәм шытырман
Қостанай облыстық драма театрында «№13» атты комедиялық қойылым көрерменге жол тартты. Аталған комедияның авторы – ағылшын драматургі Рэй Куни. Күлкі мен шытырман оқиғаға толы спектакльді өнер ұжымының ондаған әртісі сомдап шықты.
Қойылым желісі ақсүйектер (вестминистр) қонақүйінің пәтерінде басталады. Ричард Уилли (Әлімхан Мырзахан) есімді ағылшын сенаты қызметкері көңілдесі Уорзингтон ханыммен (Мөлдір Асылқызы) пәтерде бірге болады.


Шынын айту керек, театр актерлерінің табиғи таланты мен кәсіби шеберлігіне көрермен қауым тәнті болды. Комедияны тамашалаған жұртшылыққа театрдың бас режиссері Әлия Баймахан ризашылығын білдірді. Қойылым соңында театр ұжымы сол күні 28 жасқа толған дарынды актриса Диана Тұрсынованы туған күнімен құттықтады. Айта кетейік, ол «№ 13» қомедиясында қонақүй қызметкерінің рөлін ойнап шыққан болатын.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев