Жаңа нысандар бой көтермек
Қостанай облысына іс-сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин индустриалдық аймаққа да бас сұқты. Онда ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру бойынша бірқатар ірі жоба таныстырылды.
-«Астық» элеваторлық жабдықтар зауыты 2014 жылдан бастап элеваторларға, механикаландырылған тоқтарға және астық қабылдау пункттеріне арналған жабдықтарды өндірушісі саналады. Кәсіпорында 68 адам жұмыс істейді. Еңбек өнімдерінің шығындарына 2017 жылы 145 млн теңге , былтыр 130 млн теңге жұмсалды. Қызметкерлердің орташа жалақысы – 115 мың теңге.
Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен біз элеватор жабдықтарының өндірісін кеңейтеміз. Қазіргі уақытта астық сақтау қоймасы – сүрлем банкаларын өндіру бойынша желіні іске қосу, жөндеу жұмыстары аяқталды. Ол үшін біз 1200 шаршы метр болатын қосымша өндіріс корпусын салдық. Бүгінгі таңда біз ҚР-да сүрлем банкаларын өндіру бойынша алғашқылардың бірі болып отырмыз, – деді «Астық» ЖШС директоры Д.Күзенбаев.
«Астық» зауыты мемлекеттік бағдарламаларға автоматты түрде қатысады. Мәселен , ауыл шаруашылығы министрлігінің қажеттілігі үшін алдағы уақытта мобильдік фитосанитарлық және ветеринарлық бекеттер, сүт қабылдау пункттері бой көтермек.
Суреттерді түсірген автор.