Талғат Жиентаев – ERG барысы
Рудныйлық балуандар Павлодардың Ақсу қаласында қазақ күресінен өткен «ERG барысы» корпоративтік турнирінен жүлдемен оралды. Жарысқа сегіз салмақ дәрежесі бойынша Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан 150-ге тарта спортшы қатысты.
Екі күнге созылған тартысты бәсекеде «ССКӨБ» АҚ жұмыскерлері Талғат Жиентаев (100 келіден артық салмақта), Мирас Баршылықов (82 келі), Еркебұлан Мэлсов (66 келі) жеңіс тұғырынан көрінсе, Евгений Ефименко (100 келі) күмістен, ал Байдәулет Бәкібай (60 келі) қоладан алқа тақты.
Сондай-ақ, Талғат Жиентаев осымен екінші жыл қатарынан турнирдің «түйе балуаны» атанып, қомақты ақшалай сыйлық, арнайы белдік пен шапанға ие болды.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ