Жастарға қанат бітірген жоба

«Жас Отан» жастар қанатының Қостанай облыстық филиалы «Digital nation» атты партиялық жобаның аясында көптеген істерді қолға алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Жас Отан» жастар қанаты Қостанай облыстық филиалының төрағасы Әлібек Мұхамеджанов мәлімдеді.WhatsApp Image 2019-01-29 at 12.02.12
-Өткен жылдың 5 қазанында Елбасымыз Н.Назарбаев өз Жолдауында 2019 жыл – жастар жыл деп жариялады. «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек» – деді Елбасы. Осыған орай, біз бұл жылға үлкен жоспарларды қоямыз. Мәселен, ағылшын тілін оқыту жобасы жаңа деңгейге шығарылып, біз келер жылы одан да көп еріктілерді аудандарға тартамыз. Сонымен қатар жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша жұмысты дамытамыз. Келер жылы «Digital nation» атты жобасының аясында біз «Бизнес ментор» атты жаңа мобильды қосымшаны шығаруды жоспарлап жатырмыз. Қосымша көмегімен өз кәсібін ашқысы келетін жастарға өңірге танымал кәсіпкерлер өз кеңесін беріп, тәжірибе алмасады. Келер жылы біз жоғарғы және орта-кәсіптік оқу орындары базаларында «Жас Отан» жастар қанаты бөлімшелерінің кабинеттерін ашып, жұмысын жандандырамыз, -деді Әлібек Мұхамеджанов.WhatsApp Image 2019-01-29 at 12.02.13
 «Бастау бизнес» жобасы бойынша 285 қыз-жігіт кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрететін оқу курстарынан өткен. «Жас Отан» жастар қанаты «Жастар – Ауылға» партиялық жобасы аясында өз кәсібін ашқысы келетін жастарға өз қолдауын көрсетеді. Соның бірі, «Digital talks» атты дискуссиялық алаңы. Кәсіпкерлік, ақпараттандыру мәселелері бойынша сарапшылармен бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен қатар, «Бизнес ментор» жобасы бойынша, облысымыздың белгілі кәсіпкерлері арасында 10 ментор анықталды. Жақында олар мобильды қосымша арқылы кәсіп ашуға ниеті бар жастарға консультативтік көмек көрсетеді.
Облыстық филиал мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бойынша бірқатар жобаларды қолға алды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының аясында қаламыздың әлеуметтік нысандарына рейд өткізіп, сәйкес келмейтін нысандармен облыстық әлеуметтік қорғау, көші-қон және еңбек инспекциясы өкілдерімен жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар «Үміт-Надежда» және «Рауан» қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі азаматтардың hand-made бұйымдары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының «English for jastar» жобасы аясында Қостанай облысында еріктілер жасақталып, елді-мекендердегі оқушыларды және жастарды ағылшын тіліне оқыту басталды. Жобаның тікелей үйлестірушісі әрі жүзеге асырушы – «Жас Отан» Жастар қанаты», – деді Әлібек Мұхамеджанов.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓