Левит “кіші әлем чемпионатына” қатысады

13-18 наурыз күндері Германияның Галле қаласында «Chemistry Cup» 44-халықаралық турнирі басталады, деп хабарланды ВКонтакте желісінің Team LEVIT тобында.
Қазақстан құрамасы атынан 10 боксшы қолғап түйістіреді, оның ішінде Қостанай облысының тумасы Василий Левит те бар. 2016 жылы бұл турнирде Әділет Құрметов (60 келі) және Айдар Өмірзақов (64 келі) қола медаль иеленген еді.   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓