Кәсіпкерлікке қолдау артады

Қостанайда шағын және орта бизнесті дамытуға арналған кешенді бағдарламалар жұмысын бастады. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының орындалуы барысымен таныстырды. index-4
Жалпы, өңірде шамамен 51,1 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында олар шығарған өнім 584,9 млрд теңгені құрады, өсімі – 17,4%. Шағын және орта бизнесті қолдау негізінен «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Осы бағдарлама арқылы былтыр 2,1 млрд теңге игерілді.
Осы жылдың басты жаңалығы – Қостанай облысында отандық тауар өндірушілерінің каталогы жасалды. Мұнда шағын және орта кәсібін ашқан жастардан бастап, тәжірибелі кәсіпкерлердің өнімдері қамтылған.
Президенттің төртінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде ауылдардағы сияқты қалаларда да шағын және орта бизнеске шағын несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты іске асырылуда. Қалаларда микрокредит беруге 1,2 млрд теңге бағытталды, оның 0,5 млрд теңгесі – Президенттің бес бастамасы аясында.
«2016 жылдан бастап облыста кәсіпкерлерді өңірлік қаржыландырудың «Қос Қолдау» бағдарламасы жұмыс істеуде. Аталған бағдарлама бойынша екі жыл ішінде 1,3 млрд теңгенің 53 кредиті берілді, оның ішінде 2018 жылы қайта қаралған қаржы есебінен 181 млн теңгенің 7 жобасы мақұлданды. Биыл бағдарламаны іске асыру жұмысы жалғасады. Сол сияқты шаруасын дөңгелетемін дегендерге «Атамекен Қостанай» микроқаржы ұйымы арқылы несие беріледі. Кәсіппен айналысу үшін мемлекет жан-жақты қолдау жасап келеді»,- деді Архимед Мұхамбетов.
Жалпы алғанда, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру кезеңінде облыста 5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Бюджетке шамамен 46 млрд теңге салық аударымдары түсті. Шағын және орта бизнес саласында цифрландыру шеңберінде Азия даму банкінің грантымен «BIG DATA» жобасы қолға алынды. Аталған жоба бизнес субъектілерінің цифрлық дерекқоры саналады.
Облыс әкімінің айтуынша, туризм мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында көрікті жерлердің картасы жасалды. Киелі орындардың мобильді қосымшасы және сайт-порталы іске қосылды

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓