Апатты үйдегілерге – жаңа баспана
Апатты жағдайдағы үйлер мәселесінің қалай шешіліп жатқаны да облыс әкімінің есеп беру жиынында айтылды.
Мәлімет бойынша, Қостанай қаласы аумағында апатты деп танылған екі үй бар. Олар – Павлов көшесіндегі, №19 және Садовый көшесіндегі №21 көп қабатты үйлер."Сондай-ақ, 10 шақты көп қабатты үйде де қауіп белгілері бар. Олар – Кочубей көшесі бойындағы №7, 9, 11, Баймағамбетов кшесіндегі №152 және Мәуленов көшесіндегі №4, 9 үйлер", – деді облыс әкімі.
Осы жылы Қостанайда апатты үйде тұрып жатқан тұрғындар үшін бір үй салынады. Қалғандары талқылау барысында. Оларды шешудің бірнеше жолы қарастырылуда, бәлкім екінші реттік тұрғын үй нарығынан пәтерлер сатып алу арқылы мәселе жеңілдетілуі мүмкін.