СOVID-19: тағы да 1 жағдай

Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы тіркелді (1 мамыр сағат 8.00-дегі мәлеміт бойынша).
29 сәуірде Қостанай облысына Атырау қаласынан 358 адам келді. Келгендердің бәрі зертханалық тексерудің нәтижесі келгенге дейін жергілікті атқару органдарымен белгіленген үй-жайларда орналастырылды. СOVID-19 –ға оң нәтиже “Тенгизшевройл” кәсіпорнында жұмыс істейтін, 1989 жылғы Лисаков қаласының тумасында нақтыланды. 
Қазіргі таңда пациент облыстық аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылды. Жақын байланыста болған адамдар карантин стационарына жатқызылды. Қалған тұлғалармен  сауалнама жүргізіліп, қолхат алынды, үй карантиніне  жіберілді.  Ауырып қалған адамның жағдайы қанағаттанарлық, емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі. Аурудың ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады.  
Жалпы 01.05.2020 жылғы  жағдай бойынша облыста COVID-19 жұқтырған 50 адамда тіркелді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓