11 адамға жұқты
Қостанай облысында, 18 маусымдағы мәліметі бойынша, коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 11 адам тіркелді.
COVID-19 инфекциясын Рудный қаласының төрт, Қостанай қаласының үш тұрғынының жұқтырғаны белгілі болды. Рудный қаласында жұқпалы ауру 1984, 1989 және 1958 жылғы ер адамдардан және 1965 жылғы әйелден анықталды. Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Семей қалаларынан сапарлап келгендер дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, бас айналуына шағымдаған.
Қостанай қаласында 1977 жылғы ер адам, 1995 және 1956 жылғы екі әйел медициналық көмекке жүгінді. Екі азаматтың Ақмола облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан келгендері белгілі болды. ПТР диагностикалық зерттеулер қорытындысы ағзаларында дерт белгілері барын көрсетті.
Коронавирустық инфекция Жітіқара қаласының тұрғындарынан да табылды. Бұл жақта 36 жастағы ер адам ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, COVID-19 Алтынсарин, Меңдіқара және Жангелдин аудандарынан да шығып отыр. Аталған елді мекендерде 1975,1976,1977 жылғы ер адамдар сырқаттанып қалған.
Науқастар облыстың жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Бәрі бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
2020 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша, облыста COVID-19 жұқтырғандар саны 258-ге жетіп отыр, олардың ішінде 187-і емделіп шыққан.