Жылыту маусымы басталды

Қостанайда 2020-2021 жылғы жылыту маусымы басталды. "КТЭК" МКК-ның барлық жылу көздері іске қосылды. Ендігі  шаруамен ПИТК айналысуы тиіс, олар үйлерге жылу энергиясын қосуды қамтамасыз етеді.images (3)Қазіргі уақытта өтінімдер бойынша 48 әлеуметтік нысанға жылу қосылған. Осы уақытқа дейін жылу беру маусымына техникалық дайындық актілерін алмаған көп қабатты тұрғын үйлер соңғы кезекте қосылатын болады. Осы үйлердің тұрғындарына желілік судың ластануын болдырмау үшін жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесін шұғыл түрде сығымдау жүргізу ұсынылады. Олай болмаған жағдайда қала тұрғындарына берілетін судың сапасы күрт нашарлауы мүмкін.
Жылу беруді сапалық-сандық реттеуді жақсарту мақсатында 30 жыл бойы қолданыста болған орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің желілік суының температуралық кестесі қайта қаралды. 2020 жылдың 31 тамызында жаңа температура кестесі бекітілді. Жаңа кестеге сәйкес, тұтынушылардың ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде +10 градустан -5 градусқа дейінгі температура диапазонында жеткізу құбырындағы судың температурасы 60 градус, ал бұрын 55 градус болуы керек.
"Жылу таратушы құбырдағы температураның артуы біздің тұтынушыларымызға жайлылық деңгейін арттырады және күзгі-көктемгі кезеңде қала тұрғындары тарапынан арыз-шағымдар азаяды деп үміттенеміз", – деп түсіндірді "КТЭК" МКК баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓