Тұщы су мен көгілдір отын

Архимед Мұхамбетов есеп беру жиынында елді мекендерді ауыз сумен және газбен қамту жұмыстарына тоқталды. Осы жылға еншіленген жоспарлармен бөлісті. Без имени-1
Қазіргі уақытта облыс халқының 59,5% орталықтандырылған сумен қамтылған, оның 172-сі – ауылдық елді мекен. Тіршілік нәріне зәру ауылдар әлі де бар. 2018 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша елді мекендерді сумен қамтуды жақсарту үшін, сумен жабдықтаудың 25 объектісін қайта жаңғырту үшін бюджеттен 9,3 млрд теңге бөлінген. Былтыр 11 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 12 ауыл мен Лисаков қаласының немесе 59,3 мың адам сапалы ауызсумен қамтылды, алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне 3 ауыл қосылды (1,9 мың адам, Арқа а., Ағаштыкөл мен Шолақсай а.), қалған 14 жоба бойынша жұмыс 2019 жылы жалғастырылмақ.
"Биыл сумен жабдықтаудың 10 жаңа жобасы бойынша жұмыстар басталады. Оның ішінде, 8 жоба бойынша 10 ауылда (7,1 мың адам) орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынады. Қалған 2 жоба – қалалық. Яғни Қостанай қаласында индустриялық су құбырын (6,9 км диам. 700 мм) қайта жаңғырту және Арқалық қаласының Дачный ауылында су құбырын (4,4 км) қайта жаңғырту бойынша жүзеге асырылады. Жалпы, 2019 жылы ауылдық және қалалық сумен жабдықтау, су бұру объектілерін дамытуға бюджеттен 8,2 млрд. теңге бөлінеді. Осы жылдың аяғына дейін 11 сумен жабдықтау нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл 8 ауылды немесе 34,1 мың адамның сумен қамтылуына, алғаш рет 6 елді мекеннің немесе 6,7 мың адамның сумен жабдықтау жүйесіне қосылуына мүмкіндік береді", – деді облыс әкімі.
Ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өткен жылы Мемлекет басшысының елді одан әрі газдандыру жөніндегі бастамасы аясында, «ҚазТрансГаз» АҚ арасындағы Меморандумды іске асыру жұмысы жалғасып, оның шеңберінде 8 елді мекен газдандырылған болатын.  Олар: Әулиекөл, Аманқарағай ауылы, Рудный қаласының Қашар  кенті, Октябрь кенті, Қарабалық ауданының Ворошилов және Тоғызақ ауылдары, Денисов ауданының Антонов және Алшан ауылдары, Федоров ауылы. Бұлардың үшеуі (Федоров, Рудный, Аманқарағай) былтыр іске асқан еді. Оған 2,5 млрд теңге бағытталды.
"2019 жылы Әулиекөл ауылын газдандыру жобасын жалғастыру және Федоров ауылын газдандыру жобасының ІІ және ІІІ кезектегі жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, Денисов ауданының Некрасов және Перелески ауылдарында газ тарату желілерін салу және Таран ауданының Тобыл кентінде  газ тарату желілерін салу жобасын әзірлеу көзделіп отыр. 2019-2020 жылдар аралығында облысты газдандыруды жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 4 жобаны іске асыруға 2,5 млрд теңге қарастырылған", – деп осы жылғы міндеттермен бөлісті облыс әкімі. 
Айтуынша, бұл 4 жобаны іске асыру облыс халқының табиғи газға қолжетімділігін 57,3%дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, көгілдір отын тұтынушылар саны 471 мыңнан 500 мың адамға дейін жетеді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓