А.Мұхамбетов: “Биыл 41 көп қабатты үй беріледі”

Бұл ақпаратты аймақ басшысы А.Мұхамбетов бүгінгі есеп беру жиыны кезінде мәлімдеді.тургын уй
«Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру басталғалы бері тұрғын үй құрылысы 13,1% артып, 3,2 мыңнан астам отбасы басыбайлы баспаналарына ие болған. Былтыр 11,9 млрд теңгеге 300 мың шаршы метрге жуық аумаққа 39 көп қабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Оның 20-сы – несиелік, 7-і – жалға берілетін, 12-сі – коммерциялық үй. Бұлардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының өзіне 7,2 млрд теңге бөлінген. Биыл бұл көрсеткіштердің ұлғая түсер түрі бар.
"2019 жылы облыста, жоспар бойынша, 330 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы ауданы 243,2 мың шаршы метрлік 41 көп қабатты тұрғын үй иелерін табады. Сондай-ақ, пайдалануға берілетін жеке тұрғын үй аумағы 86,8 мың шаршы метр болады. 24,7 млрд бюджет қаражатын игеру жоспарланып отыр. Ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды өткізуге 7,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылғыдан 8,3% артық", – деді облыс әкімі.WhatsApp Image 2019-02-22 at 15.14.20
Сондай-ақ, облыста елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәселен, «7-20-25» бағдарламасы енгізілген сәттен бастап, облыстағы екінші деңгейлі банктерге жалпы сомасы 1,3 млрд теңгенің 191 өтінімі келіп түсіпті. Оның ішінде 0,8 млрд теңгенің 112 өтінімі мақұлданған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓