Облыс әкімінің есеп беру жиыны басталды

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы өңір тұрғындары алдында есеп беру жиыны басталды. Мәжіліс жаңадан ашылған "Жастар сарайы" ғимаратында өтіп жатыр.WhatsApp Image 2019-02-22 at 15.06.56
А.Бегежанұлы баяндамасын экономикалық көрсеткіштерге тоқталудан бастады. 
"Облыста барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң серпін қамтамасыз етілген. Өңір экономикасына инвестициялар салымы 13,3% өсті, тұрғын үйлерді пайдалануға бері 13,1% ұлғайды. Жыл ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар 871,7 млрд теңгенің өнімдерін өндірді. Қайта өңдеу саласы кәсіпорындарының табысы – 450,4 млрд теңге. Жергіліктілендіру және қазақстандық қамтымын ұлғайту көзделген машина жасау саласындағы өсім 13% артты. Барлығы 113,5 млрд теңгенің өнімдері өндірілді. Мәселен, 2018 жылы 11 766 жеңіл автомобиль құрастырылды. Биыл бұл санды 25  мыңнан асыру жоспарда бар", – деді Архимед Мұхамбетов.WhatsApp Image 2019-02-22 at 14.52.44Индустрияландырудың екінші бесжылдығы Картасының (2015-2019 жылдар) инвестжобаларын іске асыру белсенді жүруде. 326,5 млрд теңгенің 24 жобасы іске аспақ, сол арқылы 5 мың адам жұмыспен қамтылады. Былтырдың өзінде инвестициялар көлемі 18,8 млрд болатын, 400-ден астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 2 ірі жоба іске асырылған.
Сондай-ақ, облыс әкімі аймақ экономикасының өзегі саналатын ауыл шаруашылығының даму динамикасын сөз етті. Егін, мал шаруашылықтарына қатысты өсімпаз сандар мен жемісті деректерді алға тартты. Осы саладағы цифрландыру үдерісінің жетістіктерін жіпке тізді. Айталық, "Ақылды" өндіріс орындарын құру жыл ішінде ғана 1,5 млдр теңге пайда әкелген.
Сыртқы экономикалық қызметтің де салмағы артқан. Өткен жылдың қаңтар-қараша айларындағы көрсеткіштер бойынша, сыртқы сауда айналымы 2670,3 млн АҚШ долларына жеткен. Бұл оның алдындағы жылдан 1,5 есе көп. Облыс экспорты 2017 жылғыдан 66,7% артып, кіріс 1518 млн АҚШ долларына тең болды. Жекелей айтқанда, астық экспортының көлемі 3,5 есеге, темір кені өнімі 22,2%, асбест 2,3%, ұн 1,5% ұлғайды. Өңірдің экспорттық географиясындағы елдер: Ресей, Қытай, Ауғанстан, Өзбекстан, Иран.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓