Жалған полицей ұсталды

Қостанай ауданындағы Затобол және Майкөл елді мекендерінің екі зейнеткері полицей болып киінген алаяқтың құрбанына айналды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. мент14 ақпанда Қостанай ауданының полиция бөліміне алаяқтық жолмен бөгденің ақшасын қолды еткен бейтанысқа қатысты шағым түскен.
"Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы ер адам күдікке ілінді. Ол зейнеткерлердің автокөлікпен жүру бағытын біліп алып, полицей формасында қарияларға келіп, олардың жол қозғалысы ережесін бұзғанын айтып, жазаға тартылмаулары үшін ақша сұраған. Жапа шегушілер жалған полицейге 300 мың теңгеден астам ақша санап берген", – делінеді хабарламада. 
Зейнеткерлердің бірі алаяқ ақшаны алысымен аулалар арасымен жалма-жан қашқанына куә болады. Бұл көрініс оның күдігін турдырып, дереу полицияға қоңырау шалған. Қазіргі уақытта зейнеткерлерді бірнеше мәрте алдаған қуаяққа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓