Әмиянына есірткі жасырған
"Обаған авто" мемлекеттік шекара бекетінің сақшылары "Қостанай-Түмен" бағытындағы жолаушылар автобусын міндетті тексеру барысында 27 жастағы қазақстандық азаматты есірткімен ұстады. Ол салмағы шамамен 20 грамм болатын марихуананы шекарадан әрі алып өтпек болған. Оның тұтылуына қызметтік ит себепші болды. Айыпкер есірткіні әмиянына жасырған. Оқиға туралы Ұзынкөл ауданының ІІБ қызметкерлері хабардар етілді.