Қалдық – кейінге қалдырғысыз мәселе
Осы жылдың ақпан айынан бастап заңнамаға енгізілген бірқатар өзгеріс күшіне енеді. Атап айтқанда, коммуналдық қалдықтардың жекелеген түрлерін: картон мен қағазды, пластикті, шыны ыдысты, құрамында сынабы бар қалдықтарды басқару жөніндегі нормаларды ҚР Экология министрлігі бекітті."Басты жаңашылдықтардың бірі – кәсіпкерлік субъектілері қауіпті қалдықтарды өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және жою жұмыстары үшін оларды орындауға лицензия алуға міндетті, – дейді экология департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Елеусінов. – Алайда, бұл талап қауіпті қалдықтарды түзуші болып саналатын кәсіпкерлік нысандарына өзінің қауіпті қалдықтарын қалпына келтіру, залалсыздандыру және жою бөлігінде қолданылмайды. Бұдан басқа, талаптар Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қолданылмайды".
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және жою жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруге міндетті. Бұл жұмыстарды ескертусіз орындауға тыйым салынады.
Бұдан бөлек, экология министрлігі қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекітті. Барлық ресми құжаттармен adilet.zan.kz сайтында танысуға болады.