«Dombyra» телеарнасы ашылды
25 ақпаннан бастап Қазақстанда жаңа Dombyra телеарнасы көрсетіле бастайды. Бұл туралы Mádenıet порталы хабарлады.«Dombyra» телеарнасы қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі әндері мен ұлттық күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна болуды көздейді. Бағдарламалар тәулік бойы қазақ тілінде жүргізіледі. Оның эфирінде отандық өнерпаздардың ән-күй, жырларды көрсетіледі. Аспаптарды үйрену мектебі, қолөнер шеберлері жайлы бағдарламалар түсіріледі.
Оның айтуынша, телеарна жұмысы жеке қаржыландыру есебінен жүргізіледі.
«Dombyra» телеарнасы Отау ТВ, IDТV, YOUTUBE және әлеуметтік желілер арқылы таратылады. Бұл арнаны ауылда да, қалада да тегін тамашалауға болады», – дейді телеарна директоры Қанат Ержігітов.
Еске сала кетсек, 2018 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының 1 жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланған еді.