Кәсіподақ кеңес береді

Оқырмандар сауалына тұрақты авторымыз, заң клиникасының басшысы Дүйсенбі Қарабаев жауап береді.
Сұрақ: Өндірістегі жазатайы1.Сұрақ: өндірістегі жазатайым оқиғалар мен қызметкерлердің денсаулығына келтірілген өзге де зақымдарды толық объективті және уақтылы тексеруге, ресімдеуге және тіркеуге кім жауапты?
Жауап: Жұмысберуші.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алуды және талдауды жүзеге асырады.
Сұрақ: Жалақының төменболуына байланысты басқа лауазымды қоса атқару мүмкінбе?
Жауап: Мүмкін.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 111-бабы 1-тармағына сәйкес сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің егізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.
Сұрақ: Еңбек шартын жасау міндетті ме?
Жауап: Міндетті.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 24-бабында жұмыскер мен жұмыс берушінің құқық тары мен міндеттерін айқындайды.
Жұмыскермен еңбек шартын жасауға міндетті. Жұмыскермен еңбек шартын жасаудан бас тартқан жағдайда, жұмысберуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Сұрақ: Кәсіподақ жұмысшылардың құқықтарын қалай қорғай алады?
Жауап: Кәсіподақтар жұмыс берушіден тәуелсіз болып табылады және кәсіподақ органдары арқылы өз мүшелерін жұмысберуімен қарым-қатынастарда ұсынады, олардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін құқықтық көмек көрсету, жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен еңбек шартын бұзудың негізділігі мен осындай бұзудың заңдылығы туралы дәлелді пікір арқылы қорғайды, сот талқылауларында көмек көрсетеді.
Сұрақ: Егер қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде екі айдан астам уақыт болса, жұмыс берушінің еңбек шартын бұзуға құқығы бар ма?
Жауап: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасында көзделген еңбек шартын бұзу жұмыскер еңбекке уақытшажарамсыздығы туралы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі (жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі ай дан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда).
Еңбекке уақытша қабілетсіздігі ек айдан аса мерзім белгіленген, оның ауруы аурулар тізбесінде көзделген ауруға жатпаған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде жұмыскермен еңбек шарты бұзылады.
Екі ай өткеннен кейін жұмыскер еңбекке уақытша жарамсыз қызметкермен еңбек шартын бұзуға құқығы бар.
Еңбек құқығының бұл нормасы өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған қызметкерлерге қолданылмайды.
Бұл жағдайда еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңінде еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенгене мессе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады.
Біздің мекен жайымыз: Қостанай қ.,
8 (7142 (54-23-43; 8-705-902 -63-42;
Электрондық пошта: оblsofprof@list.ru
Бетті әзірлеген Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓