Көп балалы аналарға көмек
Қостанайда көп балалы бес отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыста "Бақытты отбасы" жобасын іске асыру осы игі шарамен басталып отыр.
– Бұл жоба бұрын да болған, бірақ қазір оның жұмысы жандана түсті. Бүгін Қостанайдың бес отбасына көмір мен азық-түлік жеткізілді, – дейді "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев.
Алғашқы көмектің бірі бес баланы тәрбиелеп отырған Салтанат Баяхметоваға келді. Әйел 16 жыл бойы пәтер жалдап тұрады екен.
– Бізге мемлекет әрқашан көмектеседі. Ай сайынғы көмекті аламыз, балалар мектепте тегін тамақтанады. Қазір көмірмен көмектесіп отыр. Бұл үшін рахмет, – дейді көп балалы ана.
Бұл отбасыға жер үйді жылыту үшін көмір қажет. Баяхметовтардың айтуыша, көмірдің қазіргі бағасымен жылуға бас-аяғы 130 мың теңге кетеді.
Сонымен қатар, Галина Олжабаеваға да көмек көрсетілді. Әйел бүгінгі күні төрт баланы тәрбиелеуде.
– Бүгін бізге қоңырау шалып, көмір мен азық-түлік әкелінетінін айтты. Мен қатты қуандым, – дейді Галина. – Төрт баланың анасымын: үш ұл және төрт жасар қызым бар. Қазір жұмыс істемеймін, бірақ іздестіріп жатырмын. Мемлекет көмек аламын, атаулы әлеуметтік көмек мөлшері – 40 мың теңге, тағы 10 мың теңгені көп балалы ана ретінде аламын, бұрынғы күйеуім 10 мың теңге алимент төлейді.
Машиналар әр отбасыға үш тонна көмір, сондай-ақ, бес отбасының әрқайсысына он келі ұн, қант, күріш және макарон берілді.
Жанабай Бисимбаев атап өткендей, 20 ақпаннан бастап "Нұр Отан" қоғамдық палатасы мен аудандардың филиалдарында бірыңғай әлеуметтік терезе ұйымдастырылады.