Тұрғындар ғаламтор тұтынады
Облыста «Ауылдық елді мекендерді талшықтық-оптикалық байланыс желілерімен қамтамасыз ету» жобасының алғашқы кезеңі басталады. Бүгінде заманауи байланыс желісімен өңірдегі барлық қалалар мен аудан орталықтары, сондай-ақ 64 ауыл қамтылған.
Ауқымды жоба аясында биылдың өзінде тағы 55 ауылдық мекенге ғаламтор желісі орнатылмақ. Бұл тұрғындардың электронды мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалану белсенділігін арттырады, – дейді облыс әкімі аппараты ақпаратық технология және мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімінің жетекшісі Эльмира Ағажанова.
Қазір жергілікті атқарушы органдар талшықтық-оптикалық байланыс желілері орнатылатын ауылдарды анықтау үстінде. Жалпы, облыс бойынша ғаламтор желісін пайдаланушылар жас мөлшеріне қарай екі топқа бөлінеді. Біріншісі – 6 мен 15 жас аралығындағылар. Ал екіншісі – 16 жастан 74 жасқа дейінгілер. Ғаламтор пайдалану бойынша алғашқы топ республикада Алматы, Астана қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр. Ал екінші топтағы тұрғындардың үлесі 78 пайызға тең.
Әлібек ЫБЫРАЙ