Хас шебер

"100 жаңа есім" жобасының екінші маусымы аяқталды. Осы жолы үздіктен үміткер 2 мыңнан астам адамға іріктеу жүргізіліпті. Халықтың онлайн жүйесінде дауыс беруі арқылы 29 жеңімпаз анықталды. Бұл өткен жылғыдан әлдеқайда аз. Олардың ішінде жерлесіміз, мүсінші-гиперреалист Айдос Есмағамбетов бар. 504d04dedec6782d49cf46e11f02bdcd
Арқалық қаласының тумасы Айдостың өнерге деген талпынысы бала кезінен байқалыпты. Ата-анасының өте дарынды адамдар болуының да әсер еткені сөзсіз. Әкесі сурет салып, мүсін жасайды, ал анасы ісмер, тоқымашы. Қанға біткен қасиет оның ерекше өнер иесіне айналуына мүмкіндік ашты. Оның еңбектеріне қарасаңыз, олардың әрқайсысында қаншама төзім мен қажыр, жауапкершілік пен ептілік, шеберлік жатқанына көз жеткізесіз. Айдос ешкімнің қолынан келмейтін дүниелерді іске асыруға талпынды. Бірақ ол ешқашан силиконнан мүсін жасаймын деп ойламапты.  
"Силиконды мүсіндер жасау идеясы әйгілі Тюссо мадамның музейі туралы білгеннен кейін пайда болды. Ондай жерлерде оған дейін ешқашан болып көрген емеспін. Бірде Обаманың мүсінін көрдім де: "Мұндай неге Қазақстанда жоқ? Мұндай әсемдікті көру үшін неге қазақстандықтар шетелге барулары керек?" – деген ойға келдім", – дейді Айдос.qeoN3N0a9FlCHYhq6XHjfO4jAF83lnОсылайша, мүсіншінің силиконнан жасалған алғашқы еңбегі Елбасының мүсіні болды. Сол арқылы еслге әп-сәтте танылған да еді. Одан кейін, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің ұсынысы бойынша, Абылай хан фигурасын да сәтті аяқтап шықты. Қазіргі таңда әлемге танымал әйгілі боксшымыз Геннадий Головкиннің мүсінін жасау барысында. 1d5297a425da45243a0bb98e1c9230d1
"Менің жұмыстарымның Тюссо мадам фигураларынан айырмашылығы – оларда тұтас команда жұмыс істейді және кейіпкерлерін арнайы шақыртады. Мен жалғыз өзім әрі фотосуреттен қарап әзірлеймін. Бір мүсінге 4-5 ай кетеді. Шаштың әр талын жабыстырудың өзі ауызбен айтқысыз шыдам мен күшті талап етеді", – дейді мүсінші. 
Айдос қазіргі таңда Астана тұрады, сонда жұмыс істейді. "Astana Musical" қойылымдары үшін декорациялар және күрделі грим жасаумен айналысады. b88f63ac6c45b7575c47103327bdd538Арманы – әлгі Тюссо ханымның балауыз мүсіндер үйі секілді өзінің музейін ашу, оның ішін қазақ тарихындағы қайталанбас тұлғалардың силиконды ескерткіштерімен толтыру.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓