“7-20-25”: жаңа мүмкіндік

"7-20-25" бағдарламасына қатысушылар "Нұрлы жер" бойынша салынған тұрғын үйлерді сатып алуға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Баспана" ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.  7-20-25Бұл өзгерістер 2019 жылдың басында күшіне енді. Оның алдында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша үйлер әкімдіктер мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары арасында бөлінген. 
"Мемлекет беретін үйлердің негізгі артықшылығы – төмен баға мен өңірлерде болуы. Астана, Алматы (қала маңы аймақтарын қоса алғанда), Атырау және Ақтау қалаларында тұрғын үйдің шаршы метрі 180 мың теңге, қалған өңірлерде – 140 мың теңге тұрады. Мысалы, Астанада 60 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтерді 10,8 миллион теңгеге сатып алуға болады және ол үшін ең көп несиелеу мерзімі кезінде айына 61 мың теңге төлейсің", – деді "Баспана" өкілдері.
Ұйым мүшелерінің хабарлауынша, "7-20-25" бағдарламасы "Нұрлы жер" бойынша үй алуды оңайлатады. Себебі әкімдікте кезекте тұрудың, ай сайын депозитке ақша салудың қажеті жоқ. Пәтер таңдап, "7-20-25" бағдарламасына қатысты банкке тұрғын үй құнының 20 пайызын төлеу жеткілікті.
"Нұрлы жер" бағдарламасының индикаторларына сәйкес, биыл 20 мыңға жуық пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ең көп пәтер Алматыда (3 170), Шымкентте (1 981), Астанада (1 873) және Қостанай облысында (1 794) беріледі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓